Али Алиев «Шахтерды» баптайды

Али Алиев «Шахтерды» баптайды

Қазақстандық бапкер Али Алиев қарағандылық «Шахтер» футбол клубын баптайды. 

<span>Өткен маусымда Алиев «Қызыл-Жар СК» футбол клубының тізгінін ұстап, команданы Премьер-лигаға алып шыққан еді. Бірінші лигада 39 жастағы бапкердің басқаруымен петропавлдық ұжым топ жарды. </span>

<span>Айта кетейік, 2019 жылғы маусымда «Шахтерды» Николай Костов баптады. Болгар маманы қарағандылық клубпен Премьер-лиганың 9-шы орынына тұрақтады. Маусым аяқталысымен, клуб басшылығын Костовтың келесі жылы Қарағандыда қалмайтынын мәлім етті. </span>

<span>Али Алиев Алматы футболының түлегі. Мансабындағы жемісті жылдардын бұрынғы жартылай қорғаушы «Қайрат» сапында өткізді. 2004 жылы дәл осы командамен Қазақстан чемпионы атанды. </span>

<span>Қоса кетейік, Алиев бапкерлік қызметін осы жылдың қаңтар айында бастады. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или