Жылдың үздік ойыншылары анықталды
Франция астанасы Парижде дәстүрлі «Алтын доп» жүлдесін табыстау рәсімі өтті, деп жазады Prosports.kz.
France Football журналы ұйымдастырған салтанатты шарада футбол әлемінде соңғы бір жылда толағай табысқа жеткен футболшылар марапатталды. Атап айтқанда, жылдың ең үздік ойыншысына берілетін «Алтын доп» жүлдесі, жылдың ең үздік жас ойыншысына берілетін «Копа Трофи» жүлдесі және ең үздік қақпашыға берілетін Лев Яшин атындағы жүлде өз иесін тапты.
«Алтын доп» жүлдесін биыл «Барселона» шабуылшысы Лионель Месси иеленді. Аргентиналық ойыншы бұл марапатты осымен алтыншы мәрте жеңіп алып, басты қарсыласы португалиялық Криштиану Роналдудан озды.

«Копа Трофи» жүлдесі «Ювентус» қорғаушысы Маттейс де Лигтке берілді. 20 жастағы голландиялық ойыншы өткен маусымда керемет өнерімен көзге түскен болатын.

Ал аты аңызға айналған кеңес қақпашысы Лев Яшин атындағы жүлде «Ливерпуль» қақпашысы Алиссон Беккерге берілді. Айта кетерлігі, бразилиялық ойыншы Лев Яшин сыйлығының алғашқы иегері атанды.

Бұдан бөлек, өткен жылғы ең үздік әйел футболшы да марапатталды. Бұл атаққа АҚШ ойыншысы Меган Рапино ие болды.

«Алтын доп» иегеріне дауыс беру қорытындысы: