Владимир Никитенко: «Ертіс» өте көп қауіпті шабуыл жасады»
<p>
<strong>«Атыраудың» бас бапкері Владимир Никитенко Қазақстан чемпионатының 28-ші турындағы «Ертіске» қарсы кездесу туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды павлодарлық клубтың ресми сайты.</strong></p>
<p>
– Алаң иелерінің алғашқы минуттардан қысымын күттік. «Ертіс» өте көп қауіпті шабуылдар жасады, әсіресе стандарттан. Оған қоса, қорғаныстан шабуылға жылдам ауысты. Кейін біз ойынды теңестіріп, өзімізде болған мүмкіндіктерді пайдалана алмадық. Екінші таймның басы да сәтсіз шықты. Стандарттық жағдайдан гол жіберіп алдық. Әр таймның алғашқы минуттары «Ертістің» пайдасына қорытынды нәтижеге әсер етті.</p>
<p>
</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или