Әлем футболы

«Ювентус» өз алаңында «Сассуолоны» ұта алмады

«Ювентус» өз алаңында «Сассуолоны» ұта алмады
news-banner7
mobile-news-top

Бірнеше сағаттан кейін Италия А сериясының көшін миландық «Интер» бастауы мүмкін, деп жазады Prosports.kz.

Италия чемпионатының 14-ші турында туриндік «Ювентус» өз алаңында «Сассуолоны» қабылдап, жеңіске жете алмады. «Альянс Стэдиумдағы» ойын 2:2 есебімен аяқталды.

Бірінші орындағы «кәрі синьораның» сүрінгенін Антонио Конте баптайтын «Интер» пайдалануы мүмкін. Қос команданың арасын екі ұпай ғана бөліп тұр. «Интер» 14-ші турдағы ойынын енді өткізеді. «Нерадзурри» турнир кестесінің 19-шы орынында тұрған СПАЛ-ды қонақ етеді.

Италия А сериясы. 14-тур

«Ювентус» - «Сассуоло» - 2:2

Голдар: Бонуччи, 21 (1:0), Бога, 23 (1:1), Капуто, 47 (1:2), Роналду, 68 пенальтиден (2:2)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер