Эрич «Астана» сапындағы 300-ші ойынын өткізді
«Астана» Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясында «Манчестер Юнайтед» командасын 2:1 есебімен жеңіп, тарихи нәтижеге қол жеткізді.
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Осы кездесуде алаңға шыққан елорда командасының капитаны Ненад Эрич клуб сапындағы мерейлі 300-ші ойынын өткізді.</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Команданың негізгі қақпашысы осы межеге жеткен клуб тарихындағы тұңғыш ойыншы екенін осы тұста айта кеткен жөн.</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">Эрич клуб сапына 2011 жылы қосылып, артта қалған 9 маусым ішінде 6 дүркін Қазақстан чемпионы атанып, УЕФА Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының топтық кезеңінде ойнап, бір мәрте Еуропа Лигасының 1/16 финалына шыққан болатын.</span>