Азулы АЗ он ойыншымен жүріп камбэк жасады
Еуропа лигасында «Астанамен» бір топта ойнаған нидерландтық АЗ өз алаңында сербиялық «Партизанмен» тең түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның несі қызық, дейтін боларсыздар?! АЗ 0:2 есебімен ұтылып тұрып, ғаламат камбэк жасай білді. Ферди Дрейф матч соңында, дәлірек айтқанда ойынның негізгіуақыты аяқталуына 3 минут қалғанда дубль жасап, командасын жеңілістен құтқарып қалды. Дәл сол кезде АЗ он адаммен ойнап жатқан болатын. Екі ескерту алғаннан кейін Боадю 83-минутта алаңнан қуылды.
АЗ — «Партизан» — 2:2
Гол соққандар: Дрейф, 87, 90 — Асано, 16, Сума, 27
АЗ: Бизот, Вейндал, Свенссон, Вюйтенс (Сугавара, 60), Хацидьякос (Дрейф, 54), Копмейнерс, де Вит (Класи, 71), Стенгс, Мидтше, Идрисси, Боадю.
«Партизан»: Стойкович, Милетич, Павлович, Урошевич, Остоич, Асано, Тошич (Брежанчич, 69), Натхо (Вуячич, 90), Здьелар, Сума (Шчекич, 75), Умар.
Ескерту алғандар: Стенгс (38), Боадю (54), Копмейнерс (54), Стойкович (77), Мидтше (85), Натхо (90), Идрисси (90), Брежанчич (90), Бизот (90).
Алаңнан қуылғандар: Боадю (83).