Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингісінде жоғарылады

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингісінде жоғарылады
Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясы (ФИФА) ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингісін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Өткен айдың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үш сатыға жоғарылап, 118-ші орынға жайғасты

Қазақстан құрамасы қараша айында 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінде екі ойын өткізді. Біздің футболшылары сырт алаңда Сан-Маринодан 3:1 есебімен басым түсіп, Шотландиядан дәл осындай есеппен жеңілді.

1. Бельгия - 1755;

2. Франция - 1726;

3. Бразилия - 1715;

4. Англия - 1651;

5. Уругвай - 1642;

6. Хорватия - 1642;

7. Португалия - 1639;

8. Испания - 1625;

9. Аргентина - 1617;

10. Колумбия - 1615;

...

38. Ресей – 1422;

50. Шотландия - 1422;

95. Кипр - 1251

118. Қазақстан - 1155

209. Сан-Марино - 824.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или