«Манчестер Юнайтед» «Астанаға» қарсы матчқа кілең жас ойыншыларды шығарады
Бүгін, яғни 28 қараша күні, «Астана» Еуропа лигасының 5-ші турында «Манчестер Юнайтедті» қабылдайды.
Англиялық команда Қазақстандағы қосалқы құрамын әкелген. Уле Гуннар Сульшер кілең жас футболшыларды алаңға шығармақ.
Manchester Evening News басылымының мәліметінше, «Манчестер Юнайтедті» негізгі құрамы мынадай болмақ: Ли Грант, - Итан Лейрд, Аксель Туанзебе, Теден Менги, Люк Шоу - Джеймс Гарнер, Дилан Левитт, Тахит Чонг, Эйнджел Гомес, Джесси Лингард - Мейсон Гринвуд.
«Астана» – «Манчестер Юнайтед» матчы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21:45-де басталады. Ойынды мына СІЛТЕМЕ бойынша көре аласыздар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или