Иван Маевский: Маринді алмастыра алатын футболшылар құрамда бар

Иван Маевский: Маринді алмастыра алатын футболшылар құрамда бар

"Астана" жартылай қорғаушысы Иван Маевский "Манчестер Юнайтедке" қарсы кездесу алдында журналистердің сұрақтарына жауап беріп, ойын туралы пікірімен бөлісті.

— Дайындық жоспар бойынша жалғасуда. Барлығы жасыл алаңды сағынып қалғаны рас. Бұл Қазақстан футболы үшін үлкен мереке болғандықтан, біз де осы күнді асыға күттік. "Манчестер Юнайтед" сияқты ұжым бізге күнде келмейтінін ескеретін болсақ, алаңға шығатын әр ойыншы өзін жақсы қырынан көрсетуге тырысатыны анық.

— Қазақстан чемпионаты аяқталғанына екі апта уақыт өтті. Команда  "Манчестерге" қарсы ойынға қаншалықты дайын?

— Біздің сапымызда өз ұлттық құрамаларында алаңға шыққан бірнеше ойыншы бар. Олардың әрқайсысы екі ойыннан өткізді. Сондықтан, олар жеткілікті деңгейде ойын тәжірибесін иеленіп үлгерді. Біздің жігіттер шаршағанның өзінде, тамаша атмосферада 150 пайыз барын салары анық. Барлық жігіттер ертеңгі ойынды асыға күтуде.

— «Манчестер» сапында 18-19 жастағы балалар алаңға шығатынын ескерсек, «Астана» ертеңгі ойынның фавориті дей аласыз ба?

— Қарсылас ойыншыларының жасына қарамастан, біз алаңда өзіміздің ең жоғарғы деңгейімізді көрсетуге тиіспіз. Бізге қарсы кімдердің алаңға шыққаны аса маңызды емес. Себебі, олар «Манчестер Юнайтедтің» намысын қорғайтыны рас болса, негізгі құрамда алаңға шығуға лайық екендіктерін дәлелдеуге тырысатындықтары анық. Ал кімнің фаворит екендігін ертеңгі ойын көрсетеді.

— Сіз өзіңіздің болашағыңыз туралы Еуропа Лигасындағы ойын алдында айтамын деген едіңіз. Шешіміңізбен бөлісе аласыз ба?

— Біз дәл қазіргі уақытта Еуропа Лигасы аясындағы маңызды кездесуге дайындалып жатырмыз. Сондықтан, қалған сауалдың барлығын кейінге қалдыруымыз қажет. Қазір ең бастысы — ертеңгі кездесу.

— «Астана» ертеңгі ойында «Манчестер Юнайтедке» қиындық тудыра ала ма? Барлығы Нұр-Сұлтандағы ауа райының қолайсыздығы туралы айтып жатыр...

— Біздің стадионның жабық кешен екенін жақсы білесіздер. Оған қоса лық толы стадион жиналатын болса, ауа райы ешқандай қиындық болмайды. Алаңда қар болмайды. Мен голға толы, барлығы үшін мерекеге айналатын тамаша ойын болады деп сенемін.

— Ертең Томасов алаңға шықпайды. Оның жарақаты қаншалықты ауыр?

— Шынын айтсам, біздің командада жалғыз Марин ғана ойнамайды. Команда сапында 20-25 футболшы бар. Бір футболшы алаңға шықпаса, барлық команда ойын көрсетпейді деген сөз емес. Бізде Маринді алмастыра алатын футболшылар құрамда бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или