«Астана» футболшылары инклюзивті білім берілетін сыныпқа барды
«Астана» футбол клубы «Болашақ» корпоративтік қорымен бірге ойыншыларды №71 мектептің аутизмнен зардап шегетін балаларға білім берілетін инклюзивті сыныбына апарды.
<span>Қордың қызметінің арқасында бүкіл Қазақстанда 43 инклюзияға қолдау көрсету кабинеті ашылған. Сол арқылы аутизмнен, дамудың басқа да ерекшеліктерінен зардап шегетін 400-ге жуық бала мектепке бару мүмкіндігіне ие болып отыр. </span>
<span>«Астана» қорғаушысы Евгений Постников пен жас шабуылшы Рамазан Каримов балалармен кездесіп әңгімелесті, бірге аздап доп теуіп, балалардың командамен жұмыс істеуге, салауатты өмір салтына деген құлшынысын арттырып, көңілдерін бір көтеріп тастады.</span>
<span>«Астана» футбол клубының әлеуметтік әріптесі – «Самұрық-Қазына Траст» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или