Бауыржан ТҰРЫСБЕК: «Сербиялықтар жылдам футбол ойнайды»

Бауыржан ТҰРЫСБЕК: «Сербиялықтар жылдам футбол ойнайды»

Сербия чемпионатында өнер көрсететін отандасымыз Бауыржан Тұрысбек «ПРОСПОРТ» тілшісіне сұхбат берді.

- Бауыржан, «Раднички» сапындағы дебютті ойыныңыз құтты болсын! Алғашқы матчтан қандай әсер қалды?

- Рақмет! Алғашқы матч қиын болды, әрине. Қарсыласымыз «Спартак» командасы жақсы ойын өрнегін көрсете білді. Олар өз алаңында тек қана 2 гол жіберген: бірі «Партизан» клубы, енді біреуі «Црвена Звезда». Маған берілген уақытта гол соғуға барынша тырыстым. Қақпаға тура бір соққы жасап та үлгердім.  Тұсаукесер ойыным көңілімнен шықты.

- Жергілікті ортаға сіңісе алдың ба, тіл жөнінде қиындықтар жоқ па?

- Серб тілін жақсы түсінемін, сол себепті тез үйренісіп кеттім. Командаластарым да қолынан келгендерінше көмектесті. Әсіресе, Джилас пен Паулевичтің (ред. «Партизан»  ойыншылары) көп көмегі тиді.

- Жаңа клубыңыздағы жағдай көңілізден шықты ма?

- Иә, барлығына көңілім толады. Жеке пәтермен де қамтамасыз етті.

- Бас бапкер сізді негізгі құрамда шығарады ма?

- Мен осы командаға ауысып келгенде жаттықтырушы Степанович болған. Ол мені жақсы қарсы алып, алдағы кездесулерге қатыстырғысы келген еді. Алайда бас бапкер ауысып, жаңа жаттықтырушы келді. Қазіргі таңда қайтадан бапкерге бар өнерімді көрсетіп, негізгі құрамға ілінуге тырысып жатырмын. Алдағы ойындарда гол соғып, негізгі құрамға ілінсем деймін...

- Өзіңізге алаңның қай жерінде ойнаған ұнайды?

- Шегінген (артқы) шабуылшы амплуасын жақсы көремін. Алайда бұрынғы командаларым «Спартак» пен «Сұңқарда» оң және сол жақ жартылай қорғаушы шебінде ойнадым.

- Маусымның қорытындысы бойынша еурокубок жолдамасын үшін таласуды көздейсіздер ме?

- Жоқ, негізгі мақсат - үздік бестікке кіру.

«Раднички» футбол клубы

- Елімізге ойыссақ. Ұлттық құрама ойындарын көріп жүрсіз бе?

- Иә, уақытым болғанда көремін. Ұлттық құрамадағы достарыммен хабарласып тұрамын.

- Ұлттық құрамада өнер көрсетуді армандамайтын футболшы жоқ шығар. Әлемдік деңгейде ел намысын қорғауға дайынсыз ба?

- Әрине, ол арман жүрегімде бар. Халықаралық деңгейде өнер көрсетуге дайынмын деп ойлаймын. Еліміздің бас құрамасына жолдама алу үшін көп жұмыс жасаймын.

- Қалай ойлайсыз Голландия, Чехия сияқты алпауыт құрамаларға қарсы тұра аламыз ба? Топтық кезеңде нешінші орын алуға мүмкіндігіміз бар?

- Қазіргі таңда футболда кез келген жағдай орын алуы мүмкін. Тек оған өзің сеніп, алға қойған мақсатқа жету керек. Әрине, алдағы ойындар қиын болғалы тұр. Алайда жақын арада Ұлттық құраманың жарқын жеңістерін көреміз деп сенемін. Топтық кезеңді ұтпасақ та, бір-екі ойында барымызды салып, жеңуге тырысу керек. Мысалыға, Албания құрамасы азулы Португалияны жерге қаратып кетті емес пе...

- Сербия елінде Қазақстан туралы не біледі? Арно Пайперс бапкердің кезінде еліміз үшін тарихи жеңіс дәл осы құрамаға қарсы ойында болған еді.

- Сербияда Қазақстан чемптонаты жайлы жақсы біледі әрі хабардар.

Бауыржан командаластарымен

- Қазақстан чемпионатын бақылайсыз ба?

- Сербияда уақыт басқаша болғандықтан, барлық ойынды көре алмаймын. Бірақ нәтижелерді назардан тыс қалдырмаймын.

- Сербия мен Қазақстан чемпионаты салыстырсақ. Екі ел біріншілігінде қандай айырмашылықтар бар?
-  Айырмашылығы көп деп ойламаймын. Біріншіден, олар өздерінің жергілікті жасөсіпірім ойыншыларына баса назарын аударып, соларға сенім артады. Екіншіден, өз жастарына көп мүмкіндік беріп, кәсіпқой футболшы атануға бар жағдайын жасайды. Тағы бір ерекшелігі сербиялық командалар жылдам футбол ойнайды.

- Қалай ойлайсыз, Қазақстан Премьер-лигасындағы қай клуб Сербияда чемпион болар еді...

- Қайрат, Ақтөбе және Астана! Осы үш команда Сербияда жоғарғы орындарға таласа алар еді.

- Маусым аяқталуға жақын. Кім чемпион болады деп ойлайсыз?

-  «Астана» мен  «Қайрат» өзара бірінші орынға таласады деп ойлаймын. Өзім Алматы қаласының тумасы болғандықтан, туған командама (ред. «Қайрат») жанкүйермін!

- Уақыт тауып сұхбат бергеніңізге рақмет!

- Рақмет!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или