«Қайрат» қақпашысымен жаңа келісімшарт жасасты

«Қайрат» қақпашысымен жаңа келісімшарт жасасты

«Қайрат» өзінің голкипері Стас Покатиловпен жаңа келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Келісім үш маусымға есептелген.

Қазақстанның үздік голкиперлерінің бірі 2016 жылдың жазында «Қайраттың» құрамына қосылды. 2017 жылы Стас 3+2 сызбасы бойынша келісімшартқа қол қойды. 2016 жылдан бастап голкипер «сары-қаралардың» құрамында 98 матч өткізді.

Аяқталған Қазақстан чемпионатында Стас 31 матчта ойнады. 13 ойында кипер өз қақпасын құрғақ сақтап қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или