Зайнутдинов Қазақстан құрамасының ЕУРО-2020 іріктеудегі үздік сұрмергені атанды

Зайнутдинов Қазақстан құрамасының ЕУРО-2020 іріктеудегі үздік сұрмергені атанды
news-banner7
mobile-news-top

Еуропа чемпионатына іріктеудегі Шотландиямен болған соңғы ойында Қазақстан құрамасы сапынан жалғыз голды Бахтиер Зайнутдинов соқты, деп жазады Prosports.kz.

Ресейлік «Ростов» клубының футболшысы үшін бұл гол іріктеудегі үшінші нәтижелі соққысы болды. Осыған дейін, 21 жастағы ойыншы дәл осы Шотландия мен Сан-Марино қақпасына бір-бір голдан соққан еді.

Алексей Щеткин, Бауыржан Исламхан және Гафуржан Сүйімбаев екі доптан тоғытты.

Ал, іріктеудің үздік сұрмергені атағын еншісінде 12 голы бар Англия құрамасының шабуылшысы жеңіп алды.

Қазақстан - Шотландия матчына бейнешолу

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер