Қазақстан қонақта Шотландиядан ұтылды

Қазақстан қонақта Шотландиядан ұтылды

2020 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы соңғы ойынын Қазақстан ұлттық құрамасы жеңіліспен аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тоғыз матчтан кейін он ұпай жинаған Михал Билек командасы Шотландияға қарсы кездесуде кемі бір ұпай жинағанда, Еуропа чемпионатына ірікеу кезеңіндегі өзінің он екі жыл бұрынғы рекордын бұзатын еді. Ал, жеңіске жетіп жатса, топтағы үшінші орынды иемденуі бек мүмкін болатын. 

Қос құраманың арасындағы алғашқы кездесуде Қазақстан адам сенгісіз сенсация жасап, Нұр-Сұлтан қаласында ұлыбританиялықтарды 3:0 есебімен ойсырата ұтқаны есімізде. Кек алуды көздеген шотланд футболшылары төрешінің ысқырығы естілісімен жылдам гол соғып алуды көздеп, алға ұмтылды. Әйткенмен, уақыт өте келе қазақстандық футболшылар ойын тізгінін қолға алып, 34-ші минутта есеп ашып кетті. Алексей Щеткиннің пасын ұтымды пайдаланған Бахтиер Зайнутдинов осы іріктеудегі Шотландия қақпасына екінші добын тоғытты. 

Ойынның екінші бөлігінде тек жеңіске жетуді көздеген ұлыбританиялықтар қарқынды күшейте түсті. 48-ші минутта таразы басын теңестіріп кетті. Араға жиырма минуттай уақыт салып, кездесуде алғаш рет есепте алға шықты. Ал, 91-ші минутта Дмитрий Непогодов қорғаған қақпаға үшінші гол да кірді. 

Сырт алаңда 1:3 есебімен ұтылған Қазақстан құрамасы L тобында іріктеуді бесінші орынмен аяқтады. 

Шотландия – Қазақстан – 3:1 (0:1)

Голдар:Зайнутдинов 34 (0:1), Макгинн 48 (1:1), Нейсмит 64 (2:1), Макгинн 90+1

Шотландия: Маршалл, Палмер, Тейлор, Джек, Галлахер, Маккена, Форрест, Макгинн (Армстронг 90+1), Нейсмит (Берк 77), Макгрегор, Кристи (Флек 83)

Қазақстан: Непогодов, Малый, Әбікен, Щеткин (Айымбетов 83), Исламхан (Қуат 74), Перцух (Федин 74), Марочкин, Сүйімбаев, Шомко, Зайнутдинов, Логвиненко

Ескертулер: Галлахер – Әбікен, Исламхан, Марочкин

Төреші: Нейхейс (Нидерланды)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или