Кавани Мессиді «жекпе-жекке» шақырды. Видео

Кавани Мессиді «жекпе-жекке» шақырды. Видео

Кеше Тель-Авивте өткен жолдастық кездесуде Аргентина құрамасы мен Уругвай 2:2 есебімен тең тарқасты, деп жазады Prosports.kz.

Тартысқа толы кездесуде ойыншылар жаға жыртысуға дейін барды. Қос құраманың басты жұлдыздары Лионель Месси мен Эдинсон Кавани жасыл алаңда төбелесуге жақын болды. Алайда командаластары бұған жол берген жоқ.

Командаластары сөзге келіп қалған қос ойыншыны ажыратып әкеткенімен, екеуі де ашуларын баса алған жоқ. Тіпті Кавани ойыннан кейін жеке шығып төбелесуді ұсынған. Өз кезегінде аргентиналық та  «жекпе-жекке» дайын екенін айтқан. Бірақ кездесуден кейін төбелес орын алған жоқ. Луис Суарес және басқа ойыншылар бұндай келеңсіздіктің алдын алған көрінеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или