«Шахтердің» жастар командасына Екінші лиганың қола медалі табысталды

Қарағандыда Екінші лигада қола медаль жеңіп алған «Шахтер» футбол клубының жастар командасын марапаттау рәсімі өтті, деп жазады Prosports.kz.
«Шахтердің» жастар командасы Екінші лигада 64 ұпай жинап, үшінші орын алған болатын. Жалпы 32 ойында қарағандылықтар 18 рет жеңіске жетіп, 10 рет тең түсті. Сонымен қатар, 4 ойында жеңіліске ұшырады.
«Шахтер Ж» шабуылшысы Матвей Герасимов 17 гол соғып, маусымның үздік сұрмергені атанды. Сонымен қатар,Екінші лиганың үздік ойыншысы деп танылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или