Вороговскийдің командасы ірі есеппен ұтылды
Құрамында қазақстандық қорғаушы Ян Вороговский өнер көрсететін «Беерсхот» командасы Бельгия Екінші лигасының 15-ші турында сырт алаңда «Ауд-Хеверледен» жеңіліп қалды.
Матч алаң иелерінің пайдасына 3:0 есебімен аяқталды.
Бірақ бұл ойынға Ян Вороговский қатысқан жоқ. Ол Қазақстан құрамасы сапында Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңі аясындағы матчтарға дайындалып жатыр.
«Ауд-Хеверле» - «Беерсхот» - 0:3
Гол соққандар: Рафаэль Хольцхаузер 48, Мариус Нубисси 54, Йорн Ванкамп 60
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или