Суперклассика: Аргентина Бразилияны жеңді

Суперклассика: Аргентина Бразилияны жеңді

Саудиядағы «King Saud University» стадионында Бразилия мен Аргентина құрамалары жолдастық кездесу өткізді, деп жазады Prosports.kz.

Футбол әлемінің суперклассикасы саналатын қос мықты арасындағы матч Аргентинаның жеңісімен аяқталды. Жер жүзінің БАҚ өкілдері осы ойынға Мессидің қатысатынын жарыса жазғаны бар. Сол Мессиіңіз бүгін жеңіс голын соқты.

Жалпы матч қызық басталған. 10-минутта бразилиялық Габриэль Жезус пенальти соға алмады. Араға үш минут салып, Лионель Месси де 11 метрлік айып добын қақпаға тоғыта алған жоқ, алайда өзіне қайтқан допты мүлт жіберген жоқ. Есеп 1:0. Бұдан кейін қарсыластар қанша тырысқанымен, 99 минутқа созылған кездесуде есеп өзгере қоймады.   

Бразилия - Аргентина - 0:1

Гол соққан: Месси, 13

Соғылмаған пенальти: 10 Жезус - 13 Месси

Ескерту алғандар: 22 Каземиро, 27 Данило, 65 Милитао - 43 Де Паул, 61 Тальяфико, 73 Паредес

16 қараша. Эр-Рияд. «King Saud University» стадионы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или