Қазақстан құрамасының бас бапкері: Үшінші орыннан үмітіміз үзілген жоқ

Қазақстан құрамасының бас бапкері: Үшінші орыннан үмітіміз үзілген жоқ
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек Сан-Мариномен ойын алдында баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz. ҚФФ-ға сілтеме жасап.

- Құрамада жарақат алған ойыншылар бар ма?

- Бейсебековтың қызуы көтеріліп, ауырып қалды. Басқа ойыншылар дін аман. Ертеңге тапсырма – жеңіс және үш ұпайға ие болу. Біз топтағы жоғары орынның біріне әлі де үміттіміз.

- Қарсылас команда сапынан қай ойыншы көзіңізге түсті?

Сан-Марино сапында ойыншылар жиі ауысып тұрады, сол себепті біреуді бөле-жара айту қиын. Бірінші ойында Никола Нанни деген жас жігіттің ойыны ұнады.

- Соңғы өткізген ойындарда таза шабуылшысыз ойнадық, ал қазір орталық шабуылшылар бар. Ертеңгі ойында қайсысының алаңға бірінші шығуға мүмкіндігі бар?

- Иә, тізімде бұған дейін жарақатына байланысты ойнай алмаған шабуылшыларымыз бар. Олар – Абат Айымбетов пен Алексей Щеткин. Екеуі де ҚПЛ-дың соңғы матчында гол соқты. Ертеңгі ойында кімнің алғашқы минуттан шығатыны шешіліп қойған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер