«Ростов» банкрот болуға жақын

«Ростов» банкрот болуға жақын

<span class="s1">«Ростовтың» бұрынғы директоры Юрий Белоус командадағы қаржылық қиындықтар туралы айтып берді.</span>

<span class="s2">«Бір таңқалдыратыны, команданың әлі күнге дейін нақты басшысы жоқ. Облыс басшылығы футболшылармен кімнің келісімшарт жасасатынын, айлықты қалай төлейтінін, қанша төлейтінін қадағаламайды. Қатаң бақылау болмаған кезде футболшылардың 3-4 ай бойы жалақыларын ала алмаған сәттер болған. Егер осылай жалғаса берсе команда банкрот болып, кәсіпқой статусынан айырылып қалады», - деп келтіреді бұрынғы директордың сөзін News.ru сайты.</span>

<span class="s2">Айта кетейік, биыл «Ростовтың» сапына Қазақстан құрамасынының ойыншысы Бактиер Зайнутдинов қосылған еді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или