«Ювентустің» ойыншылары Роналдудан әрекеті үшін кешірім сұрауды талап етуде

«Ювентустің» ойыншылары Роналдудан әрекеті үшін кешірім сұрауды талап етуде

«Ювентус» клубының ойыншылары әріптесі Криштиану Роналдудың «Миланға» қарсы матчағы әрекетіне наразылығын білдірді.

Алаңға Роналдудың орнына 54 минутта Пауло Дибала шыққаннан соң, португалиялық футболшы бас бапкер Маурицио Сарридің қолын алмай, бірден киім ауыстыратын бөлмеге бет алған. Ал матч бітуге санаулы минуттар қалғанда Роналду, тіпті, стадионнан кетіп қалған екен.

Дегенмен «Ювентус» клубының басшылығы көшбасшы футболшысына айыппұл салмады. Бұған Роналдудың командадағы әріптестері наразылығын білдірген. Футболшылар Роналдудан өз әрекеті үшін кешірім сұрауды талап етуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или