Қазақстандық спортшы алғаш рет футбол фристайлынан әлем чемпионатына қатысады

Қазақстандық спортшы алғаш рет футбол фристайлынан әлем чемпионатына қатысады

15 қараша күні АҚШ-тың Майами қаласында футбол фристайлынан әлем чемпионаты өтеді.

Жарысқа әр елдің чемпиондары мен біріншіліктердің жүлдегерлері ғана қатыса алады.

Мұндай деңгейдегі жарысқа алғаш рет қазақстандық спортшы қатысқалы отыр. Әлемнің үздік фристайлері атағына Қазақстанның атынан Нұрсейіт Досмағамбет таласып көреді.

Нұрсейіт Досмағамбет - Қазақстанның үш дүркін чемпионы, бірнеше халықаралық онлайн турнирлерді жүлдегері және 2019 жылғы Ресей ашық чемпионатының жеңімпазы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или