«Наполи» Анчелоттиді қызметінен қууы мүмкін
«Наполи» футбол клубының басшылығы команданың бас бапкері Карло Анчелоттиді қызметінен босатуды жоспарлап отыр, деп жазады Prosports.kz.
Шетелдік ақпарат құралдарының жазуынша, егер команда Италия чемпионатында «Миланнан» (13-ші тур), чемпиондар лигасында «Ливерпульден» жеңілетін болса, бас бапкер қызметінен кетеді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта «Наполи» Италия чемпионатының турнирлік кестесінде 7-ші орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или