— Үйдегі алаңда, тамаша атмосферада 0:5 есебімен ұтылғанымыз өте өкінішті. Мұны бастан өткеру қажет.
— Көптеген жанкүйерлердің Сізге көңілі толмай жатыр. Орныңыздан кететін ойыңыз бар ма?
— Пікір білдірудің қажеті жоқ деп ойлаймын.
— Осындай қысымға қалай төтеп бересіз?
— Мен бұқаралық ақпарат құралдарын оқимын дей алмаймын. Қазір не болып жатқанын өте жақсы білемін. Осыған дейінгі орын алған жағдайларды ескеретін болсақ, мен бұл жағдайға сабырмен қараймын. Бүгінгі орын алған жағдайға қайғылы оқиға ретінде қарамаймын. Бұл қалыпты жағдай. Әрине, Еуропа Лигасында жақсы нәтижеге жетуге болатын еді. Дегенмен, осы жылғы жетістіктерімізді де естен шығармағанымыз жөн.
— Ойын есебі заңды ма? Сіз алғашқы ойыннан кейін матч тезірек аяқталғанын қаладым деген едіңіз. Бүгін де сондай жағдайда болдыңыз ба?
— Жоқ, бүгін мүлде басқа ойын өрбіді. Бізде бірінші таймда бірнеше мүмкіндік болды. Бір өкініштісі, біз екінші голдан кейін мүлде ойын көрсеткен жоқпыз.
— «Манчестерге» қарсы кездесудегі мүмкіндігімізді қалай бағалайсыз?
— Мүмкіндіктер туралы айтудың дәл қазір мүлде реті жоқ. Бүгінгі ойынмен салыстырғанда жеңіл болмасы анық. "Манчестер Юнайтед" командасының сапында деңгейі жоғары футболшылар өнер көрсетеді. Бізді алда өте қиын кездесулер күтіп тұрғаны анық.
— "АЗ Алкмаар" ойыншылары допты жақсы бақылауда ұстап, жоғары деңгейлерін көрсетті. Алыс пас арқылы ойнауға тапсырма беру жоспарда болды ма?
— Мүлде басқаша ойын жүйесін қоюға, қорғану турасында ойлануға болар еді. Бұл бірақ тығырықтан шығатын жағдай емес. Команда кез келген сәтте өзіне тән футбол үлгісін көрсетіп, ойын барысын бақылауда ұстау қажет. Бізде алғашқы таймда мүмкіндіктер болғанымен, соғылған гол жетіскен жоқ.
Роман Григорчук: «Осындай есеппен ұтылғанымыз өте өкінішті»
"Астана" футбол клубының бас бапкері Роман Григорчук "АЗ Алкмарға"(0:5) қарсы кездесу соңында журналистердің сұрақтарына жауап беріп, матч туралы пікірімен бөлісті:
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или