«Каспий» футбол клубының басшылары «Ақтөбеден» кешірім сұрады

«Каспий» футбол клубының басшылары «Ақтөбеден» кешірім сұрады

Жақында әлеуметтік желіде «Ақтөбе» футбол клубының директоры Самат Смақовтың Премьер лиганы кеңейту туралы хат жазғаны жайлы ақпарат тарады, деп жазады Prosports.kz.

Кейін Самат Смақов баспасөз мәслихаты кезінде аталған құпия хаттың желіге жарияланып кетуіне «Каспий» футбол клубының өкілдері себепші болғанын айтқан.

Осыған байланысты, «Каспий» клубының басшысы міндетін атқарушы Ерлан Есімов ақтөбелік командадан және клуб директоры Самат Смақовтан кешірім сұрады.

- «Каспий» футбол клубының атынан «Ақтөбе» ФК және Самат Смаковтан орын алған оқиға үшін кешірім сұраймын. Құпия пайдалануға арналған құжат желіге тарап кетті. Бұл оқиғамен сіздерді ырықсыз жағдайда қалдыруды ойлаған жоқпыз. Қазіргі уақытта біздің клубтың қауіпсіздік қызметі осы оқиғаны ішкі тексеруден өткізіп жатыр. Жақын арада ақпараттың қалай жарияланғанын білетін боласыздар, - делінген хабарламада.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или