Сергей Хижниченко: Чемпиондықты тойлауға уақыт жоқ
«Астана» шабуылшысы Сергей Хижниченко УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясындағы «АЗ Алкмаарға» қарсы кездесу алдында журналистердің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
- Біз Нидерландтағы ойын нәтижесі әділетсіз екендігін дәлелдегіміз келеді. Өткен ойын біздің сенімімізге селкеу түсіргені анық. Сондықтан, ертеңгі кездесуге эмоциялық тұрғыда мықтап дайындалып, өзімізге тән футбол үлгісін көрсеткіміз келеді.
- Сіз 2013 жылы дәл осы стадионда «АЗ Алкмаарға» қарсы ойнаған едіңіз. Сол кездегі команданы қазіргі ұжыммен салыстыра аласыз ба?
- Бұл жерде тек ол команданың да «АЗ Алкмаар» болғанын тілге тиек етуге болады. Ал команда құрамындағы өзгерістер туралы нақты ештеңе айта алмаймын.
- 6:0 есебінен кейін, қандай қорытынды шығардыңыздар?
- Дәл ол күні біздің жолымыз болған жоқ. Барлығын тығыз ойын кестесіне әкеліп тіреген дұрыс емес. Ең бастысы енді ондай нәтижеге жол бермеуге тиіспіз.
- Чемпиондыққа қол жеткізгендеріңіз, ертеңгі ойынға жүктелген міндетті орындауға өз септігін тигізуі мүмкін бе?
- Ең бастысы, біз, ертең барлық күшімізді жинап, алаңда барымызды салуымыз қажет.
- Сіз соңғы уақытта негізгі құрамнан жиі орын алып, гол соғып жүрсіз. Осы жағдайларды ескеретін болсақ, дәл қазір өз бабыңызды таптым дей аласыз ба?
- Әрине, мен де солай ойлаймын. Мен ешқашан өзіме сенімсіз болған емеспін. Егер маған бапкер сенім артса, жасыл алаңда барымды салуға дайынмын.
- Қазақстан Премьер-Лигасындағы жеңістеріңізді қалай атап өттіңіздер?
- Әзірге оған біздің уақытымыз да болған жоқ. Барлық тойлауды кейінге шегеріп қойдық.
Фото: Kazfootball.kz.