АЗ бапкері: Бірінші кезекте ойынға рең беретін - футболшылар
"АЗ Алкмар" командасының бас бапкері Арне Слот УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясындағы "Астанаға" қарсы кездесу алдында журналистердің сауалдарына жауап беріп, алдағы матч туралы пікірімен бөлісті, деп жазады Prosports.kz.
- Нидерланды чемпионатында ойнаған "Астана" шабуылшысы Рангело Янга туралы не айтасыз?
- Янга – жылдам, әрі мықты ойыншы. Біздің басты мақсатымыз - оған допқа иелік етуге мүмкіндік бермеу.
- Оны өз командаңыздың қатарына қосар ма едіңіз?

- Біз негізінен жас аяқдопшыларға сенім артамыз. Ал оның жасы болса біразға келіп қалды. Мені қазіргі командамның құрамы толықтай қанағаттандырады. Қазіргі уақытта сіздің сауалыңызға жоқ деген жауап беремін. Бірақ, алда не боларын ешкім де болжай алмайды.
- "Астана" жанкүйерлері сіздерге қиындық тудыруы мүмкін бе?
- Бірінші кезекте ойынға рең беретін футболшылар. Ал жанкүйерлер тамаша атмосфера құра білетін футболдың айнымас бөлігі. Біз үлкен стадиондарда алғаш рет ойнағалы жатқан жоқпыз. Сондықтан, ертең бізді не күтіп тұрғанын жақсы білеміз.

- "Астаның" 0:6 есебімен жеңілгендігі - екі команданың деңгейлеріндегі айырмашылықты көрсете ме?
- Барлық дүние жағдайға байланысты болды. Чемпиондық кез келген команда үшін өте маңызды. Ертең, мүлде басқа ойын болары сөзсіз. Ертеңгі ойын "Астана" үшін өткен кездесудің нәтижесі әділетті емес екендігін дәлелдейтін мүмкіндік.