Қазақстан қыздар құрамасына шақырылған ойыншылардың тізімі

Қазақстан қыздар құрамасына шақырылған ойыншылардың тізімі
Қазақстан қыздар құрамасының бас бапкері Рәзия Нүркенова сырт алаңда өтетін Австрияға қарсы ойынға 20 футболшыны шақырды. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі жазды.

Қазақстан қыздар құрамасының ойыншыларының тізімі:

Қақпашылары: Оксана Железняк («БИІК-Қазығұрт»), Ирина Сандалова («Восход», Украина);

Қорғаушылар: Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей), Бибігүл Нұрышева, Құндыз Қожахмет (екеуі де - «Оқжетпес»), Екатерина Бабшук, Мария Демидова, Александра Бурова (барлығы - «БИІК-Қазығұрт»);

Жартылай қорғаушылар: Карина Жұмабайқызы («Согдиана», Өзбекстан), Аида Гайстенова («Звезда-2005», Ресей), Адиля Вылданова, Камила Құлмағамбетова, Светлана Бортникова, Зулейра Әбішева (барлығы - «БИІК-Қазығұрт»), Әселхан Тұрлыбекова («Оқжетпес»), Әйгерім Әйтімова, Ксения Хайрулина (екеуі де - СДЮСШОР №8);

Шабуылшылар: Сәуле Кәрібаева («БИІК-Қазығұрт»), Анастасия Власова («Оқжетпес»), Светлана Ступина («Жас Қыран»);

Жаттықтырушылар штабы: Рәзия Нүркенова - бас бапкер, Орынбасар Дәуренбекова - бас бапкердің көмекшісі, Ержан Сунаков - қақпашылардың жаттықтырушысы, Арыстанбек Баттаков - дәрігер, Әсия Житенова - массажист, Анастасия Журавлева - менеджер, Талғат Нұрмұхамбетов - администратор.

Қазақстан қыздар құрамасы 12 қараша күні сырт алаңда Австриямен ойнайды. Ойын Мария-Энцерсдорф қаласында өтеді. Матч елорда уақытымен 22:55-те басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или