Хоуп Пауэлл Алматыда семинар өткізуде

Хоуп Пауэлл Алматыда семинар өткізуде

Алматыда ФИФА-ның білім беру бағдарламасының аясында «Әйелдер футболы» тақырыбында семинар өтуде, деп хабарлайды футбол федерациясының ресми сайты.

Бұл осы тектес екінші семинар. Дегенмен, ерекшелігі, бұл жиынға барлық қыздар жаттықтырушылары жиналды. Сондай-ақ, Алматыға ФИФА нұсқаушысы, Англия құрамасының бас бапкері Хоуп Пауэллдің өзі арнайы келді. Пауэлл Англия әйелдер құрамасының сапында ойыншы ретінде 66 матч өткізіп, 35 голдың авторы атанған. «Миллуолл», «Фулхэм» және «Чарльтон» әйелдер клубтарында өнер көрсеткен. Англия әйелдер кубогының екі дүркін жеңімпазы.

1998 жылы Англия әйелдер құрамасының тарихында тұңғыш тұрақты жаттықтырушысы болған. Әйелдер құрамасынан бөлек, Пауэлл сондай-ақ, Англия жасөспірімдер және жастар құрамаларының жұмыстарын үйлестіреді. 2003 жылы УЕФА кәсіби лицензиясын жеңіп алған тұңғыш әйел жаттықтырушы атанды. 2009 жылы Англия құрамасын Еуропа чемпионатының финалына дейін жеткізіп, тек немістерден ғана жеңілді.

Аталмыш семинар дәстүр бойынша «Алтын Қарғалы» санаториінде өтуде. Семинардың ашылуында сөз алған ҚФФ Вице-президенті Сейілда Байшақов аталмыш семинарды ұйымдастыруға мұрындық болғаны үшін техникалық орталық пен ҚФФ-тің Әйелдер футболы департаментіне алғысын білдірді.

«Мұндай семинарлар отандық бапкерлер үшін шетелдік жоғары білікті мамандармен сыртқа шықпай-ақ тәжірибе алмасуға өте тиімді. Уақыт бөліп Қазақстанға келгені үшін Хоуп Пауэлл ханымға да зор алғысымды білдіремін», - деді Байшақов.

ҚФФ Техникалық орталығының директоры профессор Қайрат Адамбеков те 30 қатысушының барлығы да осы семинардың максимум пайдасын көреді деп үміттенетінін айтты:

«Қатысушылар еліміздің он аймағынан келді. Олар қыздар футболындағы жаттықтырушылық кұмырын енді ғана бастап келе жатқан мамандар. Семинардың басты мақсаты – жаттықтырушыларды әйелдер футболының қыр-сырына қанықтыру, дұрыс жаттықтыру жолдарын үйрету, футбол матчтарын сараптай білу және осының барлығына сүйене отырып, оқу-жаттығу сабақтарын жоспарлау».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или