Михаил Соловьев: «Ең бастысы – ұжымды біріктіру»

Михаил Соловьев: «Ең бастысы – ұжымды біріктіру»

«Еуро-2015» іріктеу додасының аясында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U19) 29 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Талғардағы базада оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Осыған байланысты Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бас бапкері Михаил Соловьев футбол федерациясының ресми сайтына сұхбат берді.

- Талғарда жиналғаннан кейін біз бірінші кезекте ойыншыларды медициналық тексерістен өткіземіз, - деп бастады командамыздың бас бапкері Михаил Соловьев. – Барлық ойыншылардың дендері сау болып шығып, бірден іске кірісеміз деп үміттенемін. Атқарар шаруа көп. Турнирге дейін футболшылардың алаңдағы түсіністіктерін нығайту керек. Ал ең бастысы, Латвияға кеткенше қарымды ұжымды біріктіріп үлгеруіміз қажет.

- Михаил Николаевич, командаңыз жайлы айтып өтіңізші. Жиынға шақырту алған футболшылардың басым бөлігі Бірінші лигадан екен.

- Бірінші лига командаларында ойнайтын жігіттердің күштік ойында тәжірибелері зор. Өйткені, олар өздерінен үлкен ойыншыларға қарсы тұрады. Былайша айтқанда от пен судан өткен футболшылар. Әлбетте, бұл жақсы. Сондай-ақ, құрамада Премьер-лига командаларының негізгі құрамымен бірге жаттығып жүрген, тіпті аз да болса, алаңға шығып, аз-кем тәжірибе жинақтаған ойыншыларымыз да бар. Олардың нақты әлеуеттерін жиын барысында көреміз.

- 17 жасқа дейінгі құрамада ойнап жүрген кезінде Максим Федин өзін өте жақсы қырынан көрсете білген еді. Ол туралы қандай мінездеме бересіз?

- Бізде U-17 сапында жасындай жарқылдаған тек Федин ғана емес. Бүгінде 19 жасқа дейінгі құрамаға шақыртылған ойыншылардың басым бөлігі U-17 сапында ойнағандар. Ал Федин, расымен де алғыр ойыншы.

Мен қазір оны «Бәйтеректе» жаттықтырып жүрмін (Михаил Соловьев жасөспірімдер құрамасынан бөлек, Бірінші лигадағы «Бәйтерек» командасын жаттықтырады). Оның қаншалықты шебер екенін жақсы білемін. Көз алдымда футболшы ретінде өсіп келеді. Дегенмен, Максимнің, сондай-ақ басқа да ойыншылардың нағыз шамаларын іріктеу турнирінде көретін боламыз. Бұл дода олар үшін нағыз емтихан болмақ.

- Екінші топтағы қарсыластарымыз жайлы не айтасыз?

- Германия – өте азулы қарсылас. 17 және 19 жасқа дейінгі құрама командалар арасында Еуропа чемпионы. Жалпы, неміс командасы әрдайым чемпионаттың финалдық кезеңіне қиналмай жолдама алып жүрген команда. Олармен терезесі тең дәрежеде ойнай алатын командалар өте аз. Аустрия құрамасының ойыны неміс мәнерінде. Қарымды футболшылары жетерлік. Кейбірі Англия Премьер-лигасының командаларында қосалқы құрамдарында ойнайды. Өткен жылы біз аустриялықтармен кездесіп (19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы «Еуро-2014» іріктеу кезеңі), 1:3 есебімен жеңіліп қалғанбыз. Сол кезде біздің жігіттерге өздеріне деген сенім жетіспеген еді. Латвия құрамасы да мықты команда. Алайда, оларға қарсы өз ойынымызды ұстанып көрмекпіз.

- Жалпы, футболшыларымыздың қайсысы көшбасшының міндетін өз мойнына ала алады?

- Мұндай ойыншылар бар, бірақ аттарын айтпай-ақ қояйын. Команданы сүйрей алатын үш-төрт лидер ойыншы бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или