Твумаси «Астананы» чемпион атануымен құттықтады

Твумаси «Астананы» чемпион атануымен құттықтады

«Астананың» бұрынғы ойыншысы Патрик Твумаси елордалық клубты Қазақстан чемпионы атануымен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Түркиялық «Газиантепте» жалда ойнап жүрген испаниялық «Алавес» футболшысы «Астананы» Инстаграм парақшасындағы «сториз» функциясы арқылы құттықтаған. Мұнда ол елордалық футболшыларды белгілеп, «Құттықтаймын, чемпиондар» деген жазба қалдырған.

Айта кетейік, «Астана» Қазақстан Премьер-лигасының 32-турында қостанайлық «Тобылды» 1:0 есебімен жеңген болатын. Сол уақытта команданың басты қарсыласы «Қайрат» Павлодарда «Ертістен» 5:0 есебімен жеңілген. Осылайша, елордалық команда чемпионаттың аяқталуына бір тур қалғанда чемпион атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или