Абзал Бейсебеков: Мен үшін әр чемпиондықтың орны ерекше

Абзал Бейсебеков: Мен үшін әр чемпиондықтың орны ерекше

"Астана" Премьер-Лиганың 32-ші туры аясында сырт алаңда қостанайлық "Тобылды" 1:0 есебімен жеңіп, алты дүркін Қазақстан чемпионы атанды. Ойын соңында елорда командасының ойыншысы Абзал Бейсебеков команданың нәтижесіне тоқталып, қай чемпиондық ерекше жадында қалғанын айтып берді:

-  Көңіл-күй өте керемет! Шынын айтсам, дәл бүгін чемпион атанамыз деген ой мүлде болған жоқ. Біздің қуанышымызға орай бәрі оңынан болып, алты дүркін чемпион атанып отырмыз. Сырт алаңдағы қиын кездесуде бізге қолдау көрсеткен барша жанкүйерлерге ерекше алғыс айтамын!

- Қатар өткен ойында "Қайрат" командасының жеңіліп жатқандығын білдіңіздер ме?

- Үзілісте "Ертістің" 1:0 есебімен ұтып жатқанын білдік. Алайда, біз үшін бірінші кезекте өз ойынымызға мән беру қажет болды. Тіпті, "Қайрат" екінші таймда есепті теңестеріп, жеңіп те кетеді деген ой болған. Кездесу аяқталар тұста ірі есеп тіркелгенін естіп, өте қатты қуандық. Біз үшін ең бастысы өзіміздің ойында жеңісті есепті сақтап қалу өте маңызды болды.

- Сен "Астана" сапында алты дүркін чемпион атандың. Осы чемпиондықтардың қайсысы ерекше болды?

- Мен олай бөліп-жарып қарағым келмейді. Алты чемпиондық та оңай келген жоқ. Маусым барысында турнирлік кестеде түрлі өзгерістер болды. Дегенмен, біз үшін барлығы сәтті аяқталып, нәтижесінде тағы бір өте маңызды чемпиондыққа қол жеткіздік. Мен үшін алты чемпиондықтың әрқайсысының орны ерекше.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или