«Астананың» бас бапкері: Клуб пен жанкүйерлерді чемпиондықпен құттықтаймын
«Астана» футбол клубының бас бапкері Роман Григорчук «Тобылмен» өткен матчтан кейін чемпион атанған командасының жеңісі туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz. клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Жарайсың, «Астана», осы маусымға үлес қосқан баршаға солай айтқым келеді. Клубты және жанкүйерлерді чемпиондық атақпен құттықтаймын.
- Осы жеңістен кейін АЗ командасымен ойнауға күш қалды ма?
- Жоқ, керісінше бәрі жеңіл болуы тиіс. АЗ-мен ойынға негізгі құрам шығады. Еуропа лигасындағы жағдайымызды жақсартып алғымыз да келеді. Бұл оңай емес екенін түсінеміз, дегенмен тырысып көрмекпіз.
- Сіздің ойыңызша, «Астананың» гол соғатын мүмкіндіктері көп болды ма?
- Шынымды айтсам, ол туралы ойламаппын, алайда алаңдағы болып жатқан жанталасты басу үшін екінші голдың керек екенін түсіндім. Ал былайынша, екінші таймда біз гол жіберіп ала жаздаған сәттердің де болғанын айта кетуім керек, Құдайға шүкір, әупірімдеп жеңіске жеттік.