Бірінші лигадан ҚПЛ-ға жолдама алған командалар белгілі болды

Бірінші лигадан ҚПЛ-ға жолдама алған командалар белгілі болды

Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасында cоңғы 26-шы турдың кездесулері өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қызыл-Жар» СК Байқоңырды өз алаңында 6: 0 есебімен жеңіп, 58 ұпай жинап, чемпион атанды. 56 ұпай жинаған «Каспий» Премьер-лигаға екінші орынмен жолдама алды. Үшінші орынға «Ақжайық» тұрақтады. Оралдықтардың еншісінде - 55 ұпай. 

ҚПЛ-да оныншы орын алған команда соңғы, 33-ші турда анықталады. «Тараз» немесе «Атырау». Осы екі ұжымның біреуі «Ақжайықпен» келесі жылы ҚПЛ-да өнер көрсету құқығына ие болу үшін екі матч өткізеді. 

Айта кетейік, Премьер-лигада «Астана» сырт алаңда «Тобылды» 1:0 есебімен ұтып, кезекті мәрте ел чемпионы атанды. 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или