Қазақстандық футболшы Ресей Федерациясының спорт шебері атанды

Қазақстандық футболшы Ресей Федерациясының спорт шебері атанды

Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Аида Гайстенова Ресей Федерациясының спорт шебері атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресей кубогының финалында «Звезда-2005» командасы <span>«Рязань-ВДВ»</span> ұжымына қарсы ойнады. Матч 2:0 есебімен «Звезда-2005» командасының пайдасына аяқталды.

Жартылай қорғаушы ретінде ойнайтын Гайстенова алты матчтың бесеуіне қатысып, 2 гол соғып, бір голдық пас берді. Кубок финалында ол 86 минут ойнады.

Еске салайық, Қазақстанда Аида Гайстенова спорт шеберіне үміткер атағына ие.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или