Суарес 4 айдан соң қайта алаңға оралды
<p style="text-align: justify;">
<strong>Жазалауға ұшыраған Луис Суарес «Барселонаның» қосалқы құрамындағы алғашқы ойынын өткізді.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Индонезияға қарсы жолдастық кездесу өткізген «Барселона Б» сапында алаңға шыққан футболшы қос голдың авторы атанды. Суарестің өзі бірнеше айдан кейінгі ойынына риза болғанын жеткізді. Әзірше Суарес Ұлттық құрамадағы 9 ойынға қатыспайды.</p>
<p style="text-align: justify;">
Уругвайлық футболшы биылғы Бразилияда өткен әлем чемпионатында Италия мен Уругвай құрамаларының арасындағы кездесуде Джорджо Кьеллинидің иығынан тістегені үшін 4 ай мерзімге футболдан шеттетілген болатын.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или