Евгений Постников: Футболдағы мансабымды аяқтау жоспарымда жоқ

Евгений Постников: Футболдағы мансабымды аяқтау жоспарымда жоқ

«Астана» сырт алаңда «Оқжетпесті» 1:0 есебімен жеңді. Кездесу соңында елорда командасының қорғаушысы Евгений Постников клубтың баспасөз қызметіне ойын туралы пікірімен бөлісті.

- Ойын оңай болған жоқ. Ең бастысы жеңіске жетіп, үш ұпай еншіледік. Бізге дәл қәзіргі сәтте сүрінуге болмайды. Себебі, чемпиондық үшін күрес жалғасуда. Қалған екі ойында жеңіске жетіп, алтын жүлдені иелену үшін қолдан келгеннің барлығын жасайтын боламыз. Ал ойынға келер болсақ, Юрий Логвиненко тамаша гол соғып қана қоймай, өте маңызды гол соқты. Артынша, бізге жеңілірек болды. Екінші таймда қарсылас бізді қыспаққа алғанымен, біз барынша тырысып бақтық.

- Ғаламтор желісінде Сіз мансабыңызды аяқтайсыз деген алып-қашпа әңгіме қаншалықты шындыққа жанасады?

- Сіз дұрыс байқағансыз, бірақ ол шынымен де алып-қашпа әңгіме ретінде қала бермеек. Менің күш-жігерім жеткілікті. Сондықтан, әзірге футболдағы мансабымды аяқтау жоспарымда жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или