«Астананың» бас бапкері: Ең бастысы -маңызды жеңіске қол жеткіздік

«Астананың» бас бапкері: Ең бастысы -маңызды жеңіске қол жеткіздік

«Оқжетпес» - «Астана» арасындағы кездесу соңында елордалық команданың бас бапкері Роман Григорчук ойын туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz  клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Біз, ең бастысы, өте қиын ойында, мықты командаға қарсы кездесуде маңызды жеңіске қол жеткіздік. Жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Енді келесі ойынға дайындалуымыз қажет, деп атап өтті бас бапкер.

Еске сала кетейік, бүгін, 30-қазанда нұрсұлтандықтар сырт алаңда «Оқжетпесті» 1:0 есебімен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или