«Қайрат» Алматыда «Тобылды» жеңді

«Қайрат» Алматыда «Тобылды» жеңді

Премьер лиганың 31-ші туры аясындағы орталық матч Алматыда өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ел біріншілігінің бірінші орнынан үмітті «Қайрат» пен «Тобылдың» ойыны голға бай болған жоқ. 90 минутта бар болғаны екі гол ғана соғылды. Есеп - 2:0.

Алматылық команда өткен турда «Астанадан» жеңіліп, өз қолында тұрған алтын медальдің тізгінін жоғалтып алған еді. Егер бүгін жеңіске жете алмаса, чемпионаттың бас жүлдесімен ертерек қоштаса беруіне тура келетін.

Бұл ойынның қостанайлық команда үшін де маңызы зор. Өткен турда өз алаңында «Ордабасыға» есе жіберіп, чемпиондықтың ғана емес, қола медальдің де тағдырын қиындатып алған. Егер соңғы турларда «Астана» мен «Қайратқа» қатар жеңілсе, шымкенттік команда кэмбек жасап, үшінші орын алып кетуі мүмкін. 

Сол үшін де бүгінгі ойын тартысқа толы болды. Бірақ қонақтар бірінші таймды тек қорғаныста өткізді. Үш ұпай алып, чемпиондыққа талас жүргізуді ойламаған да секілді. Бір ұпай еншілеп, қола медальді қамтамасыз етуді көздегендей.

Ал алаң иелері тынбай шабуылдады. Бірінші таймның өзінде есеп ашатын мол мүмкіндіктері болғанымен, сәттілік жетіскен жоқ. Тек екінші таймның бел ортасынан ауа Георгий Жуков гол соғып, алматылық жанкүйерлердің төбесін көкке жеткізді. Жуковтің көзге түсуіне көмектескен Ғафуржан Сүйінбаев болатын. 90 минут бойы атша шабатын қорғаушының бұл жердегі еңбегін жоғары бағалау керек.

Ойын осы есеппен аяқталғандай көрінген. Алайда төреші қосқан қосымша уақытта жас шабуылшы <span>Шушеначев</span> есепті 2:0-ге жеткізді. 

Осы ойыннан кейін 65 ұпай жинаған «Қайрат» бірінші орында тұр. Бірақ «Астанадан» екі ойыны артық. Ал «Тобыл» төртінші орынға сырғыды. Еншісінде 59 ұпайы бар. Бірақ «Ордабасыдан» бір ойыны кем.

Чемпиондыққа талас соңғы турларға дейін жалғасатын секілді. 

«Қайрат» – «Тобыл» 2:0 (0:0)

Гол соққан: Жуков 74, <span>Шушеначев 90+5</span>

«Қайрат»:<span> </span>Стас Покатилов (Қ) - Дино Миканович, Нұрәлі Әліп, Раде Дугалич, Ғафуржан Сүйімбаев - Айбол Әбікен, Георгий Жуков, Бауыржан Исламхан (К), Еркебұлан Сейдахмет, Конрад Вржещиньский - Мартон Эппель;

«Тобыл»:<span> </span>Эмиль Балаев (Қ) - Дмитрий Мирошниченко, Витаутас Андрюшкявичюс, Фернандер Кассай, Сұлтан Әбілғазы, Руслан Валиуллин - Артурас Жулпа, Джаба Канкава, Азат Нұрғалиев (К), Максим Федин - Бауыржан Тұрысбек;

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или