Орамалы шешіліп қалған футболшы қызды қарсыластары көлегейлеп жауып алды

Орамалы шешіліп қалған футболшы қызды қарсыластары көлегейлеп жауып алды

Иорданияда футболдан қыздар арасындағы чемпионаттың кезекті бір матчында басына байлаған орамалы шешіліп қалған футболшы қызды қарсылас команданың футболшылары қоршай алды, деп жазады Prosports.kz. 

Доптың аутқа шығып кеткенін пайдаланған аяқдопшы қыздар орамалы шешіліп қалған қызды көрермендерге көрсетпеу және киімін жөндеп киіп алуы үшін көлегейлеп жауып алған.

Бұл оқиға 2018 жылы болған екен. Тек видеосы ғаламтор желісінде енді пайда болғаннан кейін, шартарапты кезіп кетті.

Сөйтіп, <span>«Шабаб аль-Ордон»  ойыншылары Fair Play ережесінің тамаша үлгісін көрсетті. Ал орамалды қыз өзінің аты-жөнінің еш жерде жазылмауын қалайды екен.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или