ҚПЛ. 31-турдың тікелей трансляциясы

ҚПЛ. 31-турдың тікелей трансляциясы

Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 31-турында үш матч өтеді, деп жазады Prosports.kz.

«Ордабасы» - «Ертіс»

«Ордабасы» Павлодардың «Ертісін» қабылдайды. Шымкенттік ұжым жүлделі орыннан әлі де дәмелі және алғашқы үштікке енген команда Еуропа турнирлерінде доп тебетін мүмкіндікке ие болады. «Ертіс» төменгі дивизионға түсуден аман қалды. Павлодарлықтар енді жанкүйерлер алдындағы беделін түсіріп алмауға ұмтылатыны анық. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен  сағат 15.00-де басталады.

«Шахтер»  - «Оқжетпес»

Тағы бір кездесу Қарағандыда өтеді. Алаң иелері қонақтарды ұтатын болса, ұпай саны теңесіп, алға шығады. Әзірге «Шахтерде» 35, көкшетаулықтарда 37 ұпай бар. Ойын 15.00-де басталады.

«Қайрат» - «Тобыл»

 31-турдың орталық матчы Алматыда өтетіні анық. Қос команда чемпиондықтан үмітті. Сондықтан бүгінгі матчта екі клубтың да аянып қалмасы анық. Матч 17.00-де басталады.

Айта кетелік, «Ордабасы» - «Ертіс», «Қайрат» - «Тобыл» кездесулерін Qazsport телеарнасынан тамашалауға болады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или