ҚФФ «Астана» мен «Қайрат» клубтарына айыппұл салды

ҚФФ «Астана» мен «Қайрат» клубтарына айыппұл салды

Қазақстан футбол федерациясы «Астана» мен «Қайрат» клубтарына айыппұл салды, деп хабарлайды Prosports.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Көрермендердің түтін шашкаларын пайдаланып, жанкүйерге лайықсыз іс-қимыл жасағаны үшін «Қайрат» футбол клубына тәртіптік регламенттің 63-бабы 2-тармағына сәйкес 100 АЕК (252 500 теңге – Prosports.kz) көлемінде айыппұл салынды. Алматылық клуб айыппұлды 2019 жылдың 23-қарашасына дейін төлеуі тиіс».

«Көрермендердің түтін шашкаларын пайдаланып, жанкүйерге лайықсыз іс-қимыл жасағаны үшін «Астана» футбол клубына тәртіптік регламенттің 63-бабы 1-тармағына сәйкес 100 АЕК (252 500 теңге – Prosports.kz) көлемінде айыппұл салынды. Нұрсұлтандық клуб айыппұлды 2019 жылдың 23-қарашасына дейін төлеуі тиіс», - деп жазылған ҚФФ ресми сайтында  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или