«Қайсардың» екі қорғаушысы «Атыраумен» болатын ойынға қатыспайды
«Қайсардың» 32 жастағы қорғаушысы Иван Садовничий Премьер-лиганың 31-турында өтетін «Атырауға» қарсы матчта өнер көрсетпейді.
Қызылордалық клубтың қорғаушысы Иван Садовничий 30-турда «Ертіске» қарсы матчта (1:2) екі ескерту алып, алаңнан қуылған еді. Ол алдағы «Атырауға» қарсы кездесуде командасына көмектесе алмайды.
Жалпы, осы чемпионатта Иван Садовничий 14 матч өткізді.
Сонымен қатар, бұл матчта «Қайсардың» тағы бір қорғаушысы Александр Марочкин де қызыл қағаз алған болатын. Қазақстандық қорғаушы да алаңға шықпайды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или