Григорчук: Еуропа Лигасы аясындағы кездесулер - өзіңді дәлеледейтін мүмкіндік

Григорчук: Еуропа Лигасы аясындағы кездесулер - өзіңді дәлеледейтін мүмкіндік
Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясындағы «АЗ Алкмаар» - «Астана» арасындағы кездесу алдында елорда командасының бас бапкері Роман Григорчуктың қатысуымен баспасөз жиыны өтті:

- Марин Томасовтың жарақаты қаншалықты ауыр? Оның жоқтығы команданың ойынына қаншалықты өз әсерін беруі мүмкін?

- Ертеңгі кездесуде Мариннің орнына басқа футболшы алаңға шығатын болады. Ол ойыншы өз кезегінде негізгі құрамға лайық екендігін дәлелдеп, алаңда барын салуы тиіс.
- Марин қашан қатарға оралады? "Ақтөбеге" қарсы кездесуде алаңға шығуы мүмкін бе?
- Дәл қазір нақты ештеңе айта алмаймын. Команда дәрігері Маринмен кездескеннен кейін, барлығы белгілі болады.
- Томасовтан бөлек, Мубеле, Томашевич және Рунар командаға көмектесе алмайды. Олар қашан алаңға оралады?
- Бір жарым айдың ішінде олар толықтай қатарға қосылады дей алмаймын. Тек жаттығу жұмыстарына оралуы мүмкін.
- АЗ өз алаңындағы соңғы ойындарын өте сәтсіз өткізгендігін ескеретін болсақ, осы жағдай қарсыластың ертеңгі кездесуде жеңіске жетуіне қосымша мотивация болуы мүмкін бе?
- Қарсылас команда мотивациясы олардың көрсеткен соңғы ойындарына байланысты дей алмаймын. Себебі, олардың дәл қазір топтан шығатын өте жақсы мүмкіндігі бар. Сол үшін де оларға өз алаңындағы кездесуде ұпай алу маңызды. Олардың басты мақсаты - жеңіске жетіп, үш ұпай еншілеу.
- Біздің топтан шығатын мүмкіндігіміз қаншалықты?
- Мен шынымды айтсам бұл жағдайға барынша сабырмен қарауға тырысамын. Ертеңгі ойында чемпионатта аз ойын тәжірибесін иеленіп жүрген футболшыларға мүмкіндік береміз. Бұл біздің алдағы ойынға немқұрайлы қарайтындығымызды білдірмейді. Ең алдымен команда құрамында алаңға шығатын футболшылар Еуропа Лигасы өздерін дәлелдейтін керемет мүмкіндік екендігін түсінуі қажет. Бұл турнирге бүкіл әлем назар салады. Сондықтан, әр ойыншы барын салуы тиіс. Оған қоса, клуб алдындағы жауапкершілікті де естен шығармаулары қажет.
- Қарсылас команда бас бапкері "Астананың" чемпионат аясындағы ойындарын талдағанын тілге тиек етті. Осы орайда, елорда командасы чемпионатқа баса назар аудара ма, әлде, Еуропа Лигасына ма?
- Мен осыған дейін бірнеше рет айтқандай, бізде толыққанды құрам жасақталмаған. Оған қоса, жарақат алған ойыншылар жағдайды мүлде қиындатты. Біз тек чемпионатта аз уақыт ойнап жүрген екі-үш футболшыға мүмкіндік бере аламыз.
- Ертеңгі ойын жасанды алаңда өтеді. Бұл біздің командаға қосымша басымдық бере ме?
- Ең алдымен алаңды көру қажет. Содан кейін ғана нақты болжам жасауға болады. Себебі, алаң сапасы біздікімен салыстырғанда өзгеше болуы ықтимал. Жалпы алғанда, қарсылас команда осы алаңда ойнап жүргенін есерсек, бұл жағдай бір командаға басымдық береді дей алмаймын.
- Хижниченко төрт кездесуде төрт гол соқты. Оның негізгі құрамда алаңға шығу мүмкіндігін қалай бағалайсыз?
- Дәл қазір нақты ештеңе айта алмаймын. Барлығын ертең шешеміз. Біз жан-жақты талдау жасап, сосын ғана шешім қабылдайтын боламыз.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или