АПЛ. «Ливерпуль» маусымда алғаш рет ұпай жоғалтты

АПЛ. «Ливерпуль» маусымда алғаш рет ұпай жоғалтты

Ағылшын Премьер-лигасы 9-шы турының орталық ойыны «Олд Траффорд» стадионында өтті. «Манчестер Юнайтед» бұл стадионда «Ливерпульді» қабылдады. 

Командалар 1:1 есебімен тең тарқасты. 37-ші минутта Маркус Рэшфорд соққан алаң қожайындарының голына, «Ливерпуль» командасы Адам Лаллананың дәл соққысымен жауап қатты. 

Көш басындағы «Ливерпуль» екінші орында тұрған «Манчестер Сити» командасынан 6 ұпайға артық жинаған. Юрген Клопп командасында 25 ұпай. 

Еншісінде 10 ұпай ғана бар «Манчестер Юнайтед» 13-ші орынға жайғасқан. 

АПЛ. 9-тур

«Манчестер Юнайтед» - «Ливерпуль» - 1:1(1:0)

Голдар: Рэшфорд, 37 (1:0), Лаллана, 85 (1:1) 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или