«Гранада» Ла Лигада «Барселона» мен «Атлетиконы» артқа тастап кетті

«Гранада» Ла Лигада «Барселона» мен «Атлетиконы» артқа тастап кетті

Испания Ла Лигасының 9-турында «Гранада» өз алаңында «Осасунаны» 1:0 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Турнир кестесінде «Барселона» мен «Атлетиконы» артқа тастаған гранадалықтар топ басындағы «Реалдан» 1 ұпайға қалып келеді.

«Барселона» бүгін сырт алаңда «Эйбармен» кездеседі. «Атлетико» «Валенсияны» күтіп алады. Ал ертең «Реал» Мальоркада жергілікті клубпен ойнайды. «Гранаданың» топ басына көтерілуі уақытша құбылысқа ұқсайды, дегенмен ортаңқол команда үшін мұның өзі жетістік саналады

Испания чемпионаты. Ла Лига

18 қазан. 9-тур.

«Гранада» – «Осасуна» – 1:0

Гол: Дуарте, 38.

«Гранада»: Силва, Диас, Х.А.Мартинес, Дуарте, Нева, Гоналон, Я.Эррера, Пуэртас, Сольдадо (Азиз, 59), Вадильо (Мачис, 67), Фернандес (Рамос, 85).

«Осасуна»: Р.Мартинес, Ронкалья, Эступиньян, Видаль, Эрнандес, Ойер (Мерида, 62), Брашанац (Вильяр, 77), Торрес, Монкайола, Брандон (Лопес, 66), Авила.

ЕскертуЭступиньян, 13. Брандон, 24. Фернандес, 27. Авила, 40. Ойер, 54. Эрнандес, 78. Мерида, 90+2.

Алаңнан қуылдыМерида, 90+2.

ТөрешіЭстрада Фернандес.

Гранада. «Нуэво Лос Карменес» стадионы.

 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или