Рамос 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға ниетті
«Реал Мадрид» пен Испания ұлттық құрамасының капитаны Серхио Рамос 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысқысы келеді, деп жазады Prosports.kz.
Атақты қорғаушы өз мансабында мүмкін болған жүлделердің бәрін жеңіп болды. Енді ол үшін Олимпида ойындарының алтын медалі ғана жетпей тұр. Сол үшін 33 жастағы Рамос Испания жастар құрамасының сапында Токиода өнер көрсетуді көздеп отыр.
Айта кетейік, Ережеге сай Олимпиадаға қатысатын әр құрама жасы 23-тен асқан үш ойыншыны қатарына қоса алады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или