Кипрдің бас бапкері: Екі құраманың деңгейі бірдей

Кипрдің бас бапкері: Екі құраманың деңгейі бірдей
Кипр құрамасының бас бапкері Ран Бен-Шимон ойын алдындағы баспасөз мәслихатында журналистердің сауалдарына жауап берді, деп жазады Prosports.kz
ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінің ойыны аяқталып қалды. Сол себепті қарсыластардан тосынсый күтпейміз. Қазақстанмен өтетін ойын қиынға түспек. Қазақстан құрамасы өз алаңында жақсы ойнайды. Кипрде өткен алғашқы ойынмен салыстырғанда, бірнеше өзгерту енгіземіз. Ертеңгі ойын басқаша болмақ.

- Кипр құрамасы алғаш рет Қазақстанда ойнайды. Осы уақытқа дейін кипрлік командалардың Қазақстанда жолы болмады. Ертеңгі ойын екі құрамаға да маңызды ма?

- Әрине, өткен ойындарды есте ұстау керек. Сырт алаңда ойнаймыз. Алайда, алға қойған мақсатымыздан айнымаймыз. Ұлттық құрама мен клубтарды салыстырудың қажеті шамалы. Қазақстан мен Кипр құрамаларының деңгейі бірдей. Әр ойын маңызды.

- Сіздің қызметіңізге бұл ойынның әсері қандай? Әрі қарай жалғастыруға кедергі болмай ма?

- Бұл туралы ойламауға тырысамын. Менің жұмысым - команданың ойынын жақсарту. Осы бағытта жұмысты жалғастыра беремін. Ойын сапасын арттыру және жас футболшыларды іздеу.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или