УЕФА ҚПЛ клубтары келісілген матч өткізді деп күдіктеніп отыр
Қазақстан футболындағы келісілген ойындар жайлы дау-дамай тым тереңдеп барады, деп жазады Prosports.kz.
Еуропа футбол одағы Қазақстанның жоғарғы дивизионындағы күдікті матчтарға назар аударып отыр. Бұл туралы ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтхожин айтты.
«Бірінші және Екінші лига аясындағы күмәнді келісілген матчтар туралы УЕФА-дан хабарлама келді. Сонымен қатар, бұл комитеттің назарына Премьер лиганың екі күмәнді матчы да ілігіп отыр. Жұмыс нәтижелері туралы алдағы уақытта қосымша хабарлаймыз», - деді Айтхожин.
Премьер лигадан күдікке ілінген нақты қай матчтар екені және қай командалар екені туралы әлі хабарланған жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или