Қазақстан қыздар құрамасы Франциядан жеңілді
Қазақстан қыздар құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу матчында Франциядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шымкентегі орталық стадионда өткен ойын 0-3 есебімен аяқталды.
Бірінші таймда қос команда да гол соға алмаған еді. Ал екінші таймда Франция футболшылары Қазақстан қақпасына жауапсыз 3 гол соқты.
Қазақстан: Железняк (Қ), Қожахмет, Хайрулина, Айтымова, Нұрышева, Кәрібаева, Бортникова, Бабшук, Мясникова (К), Жұмабайқызы, Власова.
Қосалқы құрам: Сандалова (Қ), Исмаилова (Қ), Демидова, Вылданова, Бекпенбетова, Сатлер, Тұрлыбекова.
Бас бапкер - Разия Нуркенова.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или